#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ» ТАҚЫРЫБЫ АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ» ТАҚЫРЫБЫ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық «Отарымбет» мешітінің имамы Қалтай Байхожаев мешітке келген жамағатқа «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Жамағатты діни жат ағымдардың кесірі мен зардабынан сақтандырып, олардың ұстанымдары мен сенім мәселесіндегі адасқан тұстарын баяндап өтті.

Қалтай имам насихатының соңында: «Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының: «Дін адамды бір бауыр қылмақ еді, Оны бөліп, дұшпандық қару жасар», – деп айтқанындай, жамағатты жік-жікке бөлу, іштей ыдырату, өздерін ғана шынайы мұсылман тұтып, өзгелерді адасқан санау, уағыз-насихаттарын жасырын жүргізу – жат ағымның сипаты»,- деп уағызын түйіндеді.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: