Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі», – деген. Шынында да, ұстаз – ұлттың рухани шамшырағы, өнеге мен тәрбиенің бастауы.
Таус (Алла оны рахымына бөлесін): «Ғалымды сыйлау – сүннет», – деген. Ұстазға құрмет – оның алдында кішіпейіл болу, жөнсіз сұрақтармен мазаламау, алдына түсіп жүрмеу, есік ашып кіргізу және әрдайым сәлемдесуде ілтипат танытудан көрінеді. Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Қордай», «Рахман», және «Құдайберген» мешіттерінің әжелер алқасы мүшелері аудан ұстаздары мен жамағатқа алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Әжелер қауымы білім жолындағы ұстаздарға қайрат, табандылық, сабыр мен көркем мінез тіледі. Баршамызға пайдалы білім мен ізгі амал нәсіп етіп, дұғаларымыз қабыл болғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

