Ибн Аббас (р.а.) айтқандай: «Игі іс – адамның жүзіндегі нұрды арттырады, жүрегіне жарық, денесіне күш береді, ризығын көбейтеді және адамдардың оған деген сүйіспеншілігін оятады. Ал жаман іс – жүзді қарайтады, жүректі қатайтады, денені әлсіретеді, ризықты кемітеді және адамдардың жек көрушілігін тудырады» деген.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылындағы «Ұлан» мешітінің имамы Қанат Оразалиевтің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Игі іске жұмсалған қаражат 65 000 теңге көлемінде болып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоржындары мен бөпеге төсек табысталды. Жақсылыққа жәрдемдескен барша жандардың садақалары қабыл болып, амал дәптерлеріне сауап болып жазылғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

