Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылы «Қорағаты» мешітінің имамы Нұрдәулет Исаұлы жастар арасында өткен көкпарға қатысып, бата берді.
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: “көк бөрі” немесе "көк бөрте". Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

