25 қазан - Республика күні құтты болсын!

25 қазан - Республика күні құтты болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті отандастар, қадірлі жамағат!

Баршаңызды ұлы мереке — 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – қазақ халқының еркіндік пен тәуелсіздік жолындағы ғасырлар бойғы арман-мұратының орындалған сәтін еске салатын, ел рухын жаңғыртатын қастерлі мереке. Республика күні – мемлекетіміздің іргесін бекітіп, еңсесін тіктеген тарихи күн, елдік пен бірліктің, татулық пен тұтастықтың мерекесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл күннің ұлттық мереке ретінде қайта жаңғыруы – еліміздің болашағына деген сенімді күшейтіп, әр азаматтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.

Бүгінгі бейбіт өмір мен тәуелсіздік – бабалар аманаты, біздің ұрпақтың жауапкершілігі.
Ендеше, Алла Тағала тәуелсіз еліміздің тұтастығын сақтап, халқымызға тыныштық пен береке, бірлік пен ырыс нәсіп етсін!

Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Ізгі тілекпен,
Асқар Зәкіржанұлы

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: