Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық мешітінде үздік қызметі үшін ауыл имамдарына кіші қажылыққа жолдама табысталды.
Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлының ұйытқы болуымен және «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС-нің басшысы Асылбек Жантаевтің қолдауымен Байзақ ауданына қарасты ауыл мешіттерінің имамдары Алашбаев Досмырза, Тұрлыбаев Нұртілеу, Ахметов Қобланды, Есіркепов Ахмет, Төлегенов Нұрлыбек пен Туганасов Бауыржанға «NYGMET Travel» қажылық компаниясы арқылы ұмраға бару бұйырып отыр. Алла Тағала осы игі іске ұйытқы болған азаматтарға разы болып, жолдама алған дін қызметкерлерінің ниетін қабыл еткей!



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

