Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 1-қазан – Қарттар күніне орай аудан көлемінде ардагерлерге құрмет көрсетіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Байзақ ауданында жасы үлкен қариялардың жағдайын білу және мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында ауданға қарасты Жетібай ауылы «Ақыл ата» мешітінің имамы Қадырбек Әбенұлы қазыналы қарияларымыздың үйіне барды. Бұл – аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың нақты көрінісі.
Сондай-ақ, ауданға қарасты бірқатар мешіттердің имам-молдалары қарттарға арнайы барып, азық-түлік себеттерін үлестіріп, қаржылай қолдау көрсетті, ардагерлердің жағдайын біліп, ақ батасын алды.
Жалпы аудан көлемінде мүмкіндігі шектеулі сегіз қарияға 240 000 теңге көлемінде азық-түлік салынған пакеттер берілді.



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

