«Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Сейтқали Әбдіқадыр Шу ауданының имамдарына арнайы семинар өткізді.
Жиын барысында пәтуа сағаты ұйымдастырылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдап жатқан жаңа құжаттар мен пәтуалар түсіндірілді. Семинардың мақсаты – дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи діни талаптарға сай дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.