"Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы көпшілікке «Дін мен дәстүр»кітабын таныстырып, оның маңызды тақырыптары мен мазмұны туралы баяндады.
Бұл кітапта дін мен дәстүрдің бір-бірімен қалай үйлесімді жұмыс істейтіні, сондай-ақ, қазақ халқының ислам дінімен ұштасқан ұлттық дәстүрлері мен ғұрыптары туралы кеңінен сөз қозғалған.
Жиын соңында Асқарбек имам кітаптың қоғамда діни және мәдени сауаттылықты арттыруда үлкен рөл атқаратынын және оны әрбір мұсылман отбасында оқу керек екенін айтып өтті.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі