#Шу: «Жәми» мешітінде жас отбасыларға арналған семинар өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде жас отбасыларға арналған семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам және отбасы құндылықтары жылы» аясында Шу ауданында маңызды шаралар жалғасуда. «Жәми» мешітінде жас отбасыларға арналған тағылымды семинар ұйымдастырылды.

Жас шаңырақ көтерген ерлі-зайыптыларға отбасы құндылықтарын сақтау, бір-бірін сыйлау және құрметтеу жайында кеңестер берілді. Сонымен қатар, Исламдағы ер мен әйелдің орны, олардың өзара сыйластығы мен жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.

Семинардың басты мақсаты – жас жұбайларға дұрыс бағыт-бағдар беру, отбасылық қарым-қатынасты нығайту және қоғамдағы тұрақты әрі берекелі шаңырақтарды қалыптастыру болды. Шара соңында жастар өз алғыстарын білдіріп, бас имам ақ батасын берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: