"Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет дін мен дәстүр бұрышында жамағатқа нашақорлықтың зардабы мен зияны туралы кең көлемде насихат айтып өтті.
Бақдәулет имам өз уағызында нашақорлықтың қоғамға, отбасыларға және жеке тұлғаға тигізетін кері әсерін түсіндірді. Бақдәулет имам бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы — жастардың дін мен дәстүрдің мәнін дұрыс түсініп, өз өмірін дұрыс бағытта тәрбиелеуі екенін атап өтті.
Ол сондай-ақ, жамағатты өз балаларын нашақорлықтан қорғауға, оларға дұрыс тәрбие беруге шақырды. Жиын соңында Бақдәулет имам: «Жастарымызды нашақорлық сияқты дерттен сақтау — әрқайсымыздың міндетіміз. Қоғамдағы тыныштық пен рухани саулық үшін бұл өте маңызды», - деп сөзін аяқтады.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі