Сәду Шәкіров ауылы "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет жамағатқа аталмыш кітаптағы «араша түсу»тақырыбына ерекше тоқталып, дәстүр мен діннің өзара қарым-қатынасы мен бір-бірін толықтыратын маңызды аспектілерін атап өтті.
Жиын соңында жамағат кітапқа қатысты сұрақтар қойып, имам оларға түсініктемелер берді. Кітаптың мазмұнына қызығушылық танытқан көптеген мешітке жиналғандар осы тақырыптағы өз ойларымен бөлісіп, діни және мәдени сабақтастықтың маңызды аспектілерін талқылады.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі