Меркі: «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында кездесу өтті

Меркі: «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде еңбек адамдарына арналған тағылымды кездесу өтті. Басқосу «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында ұйымдастырылды.

Кездесуге аудан қызметкерлері және түрлі мамандық иелері қатысты. Ғайырфулла Әмірбеков адал еңбектің адам өміріндегі маңызы, адал табыстың берекесі, еңбекқорлықтың қоғамға тигізер пайдасы жайында насихат айтты. Сонымен бірге Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) өмірінен мысалдар келтіріліп, еңбек ету – мұсылманның міндеті әрі үлкен сауап екендігі түсіндірілді.

Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды. Жиналғандар адал кәсіптің әрқашан абыройға бөлейтінін және қоғам дамуының негізі еңбек екенін атап өтті.

Мұндай шаралар еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп қана қоймай, жастарды адал еңбекке, маңдай термен табыс табуға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: