Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла ас-жиынға жиналған халыққа «Ата-ананың ақысы» турасында насихат айтты.
Игі жиын барысында Абдулла имам: «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”,-де.» - деп, қасиетті Құран Кәрімнен және Пайғамбарымыздың (алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен сөз қозғап, асқа жиналған ауыл тұрғындарын ата-ананы құрметтеуге, оларға қызмет қылуға шақырды.
Алла Тағала ата-анамызды аман етіп, сол кісілердің ақ батасын алуымызды нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі