"Айша Бибі" қыздар клубының мүшелері "Ана мен бала" үйіне барып, аналармен сұқбат құрып, оларға рухани қолдау көрсетті. Кездесу барысында 4 келіншекпен сөйлесіп, болашаққа деген сенімдерін нығайтуға ықпал етті.
Сонымен қатар, ұстаз Зейнеп Жәдігерқызының бастамасымен "Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірттері мен "Айша Бибі" қыздар клубы Рамазан айының құрметіне 6 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға азық-түлік пакеттері таратылып, оларға мейірім мен қамқорлықтың шуағы сездірілді.
Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған бұл игі шара көмекке мұқтаж жандардың жүрегіне жылу сыйлап, қоғамдағы қайырымдылық мәдениетінің нығаюына үлес қосты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі