Шу Локомотив депосының төрағасы Қуат Молдабаевтың ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Ауыл тұрғындарына арналып қазақтың ұлттық дәстүрлері көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Кеш соңында ауызашар дастарханы жайылып, жиналған жамағат берекелі астан дәм татты. Ауызашар барысында «Тоғай» мешітінің имамы Жанат Сагитов Рамазан айының қадір-қасиеті жайында тағылымды насихат айтып, жамағатты ізгілікке шақырды. Сонымен қатар, Локомотив депосының басшысы Медет Қайржанұлы сөз сөйлеп, мерекелік шараға атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.
Бұл игі шара елдің бірлігін нығайтып, ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.