Жиенбет ауылында «Нұр үстіне нұр» болып, қасиетті Рамазан айы мен Әз-Наурыз мейрамы қатар келіп, ауыл жұртшылығы үшін ерекше қуаныш сыйлады.
«Қос тойымыз қабат келді» дей келе ауыл ақсақалдары мен мектеп ұжымы ұйымдастырған Наурызтойы дүбірлетіп өтілді. Елдің көңілінен шығып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ақ дастархан жайылып, жасы мен қариясы ұлттық ойындарда бақ сынасты.
Асыл дінімізде «Амалдар ниетке байланысты» делінсе, бабаларымыз «Ниетке пиғыл жолдас» деген. Бұл мейрамдар – Тәубе мен Шүкірді түзей отырып, Рамазан айында рухани кемелденуге, ал Наурызда ынтымақ пен берекені арттыруға шақыратын ізгі дәстүріміз – дейді ауыл имамы.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.