#Шу: «Жәми» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ауызашар кеші орын алды

#Шу: «Жәми» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ауызашар кеші орын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде қасиетті Рамазан айының берекелі күндері жалғасуда. Әйел-қыздар секторында игі дәстүрді жалғастырып кезекті ауызашар кеші өтті.

Ақ дастархан басында ұстаз Сәуле Нұрсұлтанқызы Рамазан айының қадір-қасиетті туралы тағылымды уағыз-насихат айтты. Бұл айдың сабыр мен кешірім, қайырымдылық пен береке айы екенін ерекше атап өтіп, әйел жамағатын жақсылық пен ізгілікке шақырды.

Сонымен қатар, әйел-қыздар арасында Рамазан айына қатысты танымдық ойындар ойнатылып, белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: