ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ УАҒЫЗШЫЛАР ФОРУМЫНА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАТЫСТЫ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ УАҒЫЗШЫЛАР ФОРУМЫНА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қоғамда ізгілікті насихаттаудың мәдениеті» атты ІІ Республикалық уағызшылар форумы өтті.

Ауқымды іс-шараға ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ онлайн және офлайн форматта 700-ден астам уағызшы-имамдар мен Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысты.

Аталған форумға Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен делегациясы арнайы қатысса, өңірдегі имамдар онлайн режимде байланысқа шықты.

Форум барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы уағызшылардың қоғам алдындағы жауапкершілігі, жамағатқа даналық жолмен насихат айтудың маңызы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, жиын соңында «Үгіт-насихат айтудың тәртіптік ережесі» құжаты қабылданды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: