«Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына», – деп айтқанындай, адам баласы алған білімін қанағат тұтып тоқтап қалмай, өмірбақи ізденіп, даму үстінде болуы қажет. Сол себепті де бұрынғы өткен даналардан: «Екі адам тоймайды. Бірі – дүние іздеген адам, ал екіншісі – білім іздеген адам», – деген сөз қалған.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті Әжелер алқасы мүшелері "Құдайберген "мешіті шәкірттерін дәрісханаларымен құттықтап, осы сыныпты толтырып көбейіп,жарысып,барын салып білім алып салихалы қыз бен ана, келіншек пен апа, ақжаулықты әже болуын насихаттады. Жастарға бағыт-бағдар көрсетіп айтқан соң бата берді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі