#Т.РЫСҚҰЛОВ: «РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы мешітке келуші жастарға «Рамазанға дайындық» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Аудан бас имамы насихатында: «Кез-келген маңызды іс дайындықты талап етеді. Мұсылман адам Құран түсірілген, күналардың кешірілуіне себепші болатын, жаннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылатын, шайтандар кісенделетін, жылына бір мәрте ғана келетін  Рамазан атты ұлық айдың келуіне үлкен дайындықпен қадам басқан жөн. Рамазан біздерге жылына бір мәрте келетін қонақ іспеттес. Егер біз оны құрметпен қарсы алсақ, қияметте құрметке бөленуімізге себепші болады»,- деп, қасиетті айдың қадір-қасиеті мен артықшылығына тоқталып өтті.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: