Жамбыл облысы Байзақ ауданы Аймантөбе ауылдық «Аймантөбе» мешітінің имамы Кенжехан Өксіпбайұлының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында меценат Жантаев Асылбек Жасұзақұлының демеушілігімен жағдайы төмен 10 отбасыға қайырымдылық жасалды.
Кенжехан Өксіпбайұлы мұқтаж отбасыларға: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе! Тектілігі тереңге тамырлаған қазақ қашанда бала тәрбиесіне жіті мән берген. Әсіресе, ислам дінінде қыз баланы ерекше қадірлей білген. Ал, қазақта «қыз бала– қонақ» деп, 40 үйден тыйым жасаған», - деп «Ислам және отбасы құндылықтары» тақырыбында насихатын айтты.