#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылы «Қалқабай ата» мешітінің имамы Талғат Баймұқанбетұлы жамағатқа «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында уағыз айтты. Исламдағы отбасы қандай болуы керек, исламдағы отбасының құндылықтары қандай, - деген сияқты сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Отбасы - исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.

Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген.

Отбасы мүшелерінің өзара міндеттерін исламда анық көрсетілген. Отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқындап өткен.  

Тағы да басқа хадистерде: «Әйел өз үйі мен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» деп, әйелді отбасы берекесінің ұйтқысы, ұйыстырушысы ретінде белгілеген.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: