Байзақ: БАС ИМАМ МЫРЗАТАЙ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Байзақ: БАС ИМАМ МЫРЗАТАЙ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Мырзатай ауылының халқымен кездесіп, «Діни сауатсыздықтың қоғамға тигізер зияны» тақырыбында насихат айтты.

     Қанат Әділханұлы насихатында: «Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігімізді алғаннан бері ұмыт бола бастаған көптеген діни құндылықтарымыз бен тарихи, мәдени құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Жастардың діни сауаттылығы қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтқандай: «Саясат күнде өзгереді, ал, дін – мәңгілік», – деген. Бұл жерде ұқпағымыз дін ол кеше, яки бүгін пайда бола салған ұғым емес, ол сонау Пайғамбарлар заманынан келе жатқан сенім жүйесі екенін ұқса екен.

Жастардың діни сауаттылығын арттыруда әрине бірінші кезекте ислам дінінен ақпарат беру маңызды. Өйткені қазіргідей қоғамда дінді бұрыс бұрмалаудың кесірінен оның ішкі-мазмұнына үңілместен оны қаралайтын да жағдайлар  кездеседі. Ислам діні адамзат баласын тазалыққа, ілім-білімге, талапты болуға шақыратын дін», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: