Медресе: Деструктивті ағымдардың қаупі талқыланды

Медресе: Деструктивті ағымдардың қаупі талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Сержан Пәрімұлы «Қазақстандағы радикалды және деструктивті діни ағымдардың теріс әсері» тақырыбында «һибатулла Тарази» медресе-колледжінің шәкірттеріне семинар өткізді.

Жиын барысында Сержан Пәрімұлы радикалды және деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін қауіпті әсерлері туралы кеңінен айтып, олардың белгілерін ажырату жолдарын түсіндірді. Ол жастарды діни сауаттылықты арттыруға, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстануға және күмәнді діни топтардан сақ болуға шақырды.

Семинар барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары, интернет кеңістігіндегі деструктивті идеологиялардың ықпалы және одан қорғану тәсілдері де талқыланды. Шара соңында медресе-колледж басшылығы осындай кездесулердің жастар үшін маңызды екенін атап өтіп, алдағы уақытта да бірлескен іс-шараларды жалғастыруға ниетті екендігін білдірді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: