#Т.РЫСҚҰЛОВ: ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

       Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің ұстазы Айгерім Шынали сауат ашу курсына қатысушы шәкірттерге «Отбасы құндылығы» тақырыбында уағыз айтты.

    Айгерім ұстаз насихатында: «Отбасы – мейірім мен махаббаттың, жан тыныштығы мен ауызбіршіліктің ұштасқан ордасы. Жарасым тапқан әр отбасы – мемлекет тыныштығының кепілі. «Отан – отбасыдан басталады» - деп дана қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамзат атаулының бәрінің бойындағы адамгершілік, имандылық, әдептілік, кішіпейілділік сынды көптеген қасиеттер осы жанұяда қалыптасады. Отбасы іргетасының беріктігі -  оның мүшелерінің өз міндеттерін біліп, өз межесінде орындауында жатыр. Белгілі бір заңдылыққа мүлтіксіз бағынған отбасында тыныштық орнайды,- деп, қажетті мағлұматтармен бөлісті.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: