Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Көкбастау ауылдық «Қалмұрат баба» мешітінің кітаптарын тексеріп, мешіт имамы Төребай Өткелбайұлының атқарған шараларын көрді.
Бақытбек Бауыржанұлы ауыл имамы Төребай ақсақалға мешіт тазалығын, бейне бақылау жүйесінің жұмыс істеуін, кітаптардың сараптамадан өткендігіне көз жеткізіп сөрелерге қою мәселесін айтып тапсырды.