Дін мен дәстүрдің қазақ қоғамында алатын орны ерекше. Дін – адам баласының асыл қасиеттерін асқақтатса, әдет-ғұрып пен дәстүр ұлт болып қалыптасуымыздың негізі. Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанып келген дін – дәстүрлі ислам діні.
Осыған орай, ауданның бас имамы Азамат Берікұлы «Дін мен дәстүр» бағытына ерекше тоқталып, имамдарға асыл дінімізбен қатар ұлттық дәстүрлерімізді насихаттау жөнінде түсініктеме берді. Ол дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, мешітке келуші жамағатқа көркем түрде жеткізудің жолдарын атап өтті.
Жиын соңында ауыл имамдары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, тақырып аясында түрлі мәселелер талқыланды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.