Жамбыл имамдары Бас мүфтидің Бағдарлық баяндамасын тыңдады

Жамбыл имамдары Бас мүфтидің Бағдарлық баяндамасын тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2025 жыл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үшін жаңа белестер жылы болмақ. Осыған орай Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл сайынғы дәстүрлі Бағдарлық баяндамасын ұсынды.

Жиын қасиетті Құран Кәрім аяттарымен басталып, елдің бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін шын жүректен дұға жасалды. Бас мүфти баяндамасында биылғы жылға арналған негізгі бағыттарды айқындап, дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін тағы да еске салды.

Бұл маңызды шараға Жамбыл облысының имамдары онлайн режимде қатысып, Бас мүфтидің айтқан әрбір сөзін жіті назарға алды. Жамбыл облысы – діни тұрақтылық пен рухани мәдениеттің алтын бесігі саналады. Мұнда дін қызметкерлерінің жұмысы әрдайым белсенді әрі жүйелі түрде атқарылып келеді.

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек жетекшілігімен имамдар бұл жиыннан ерекше серпін алды. Жамбыл имамдары өңірдегі рухани ахуалды нығайту үшін әрбір айтылған тапсырманы жүзеге асыруға белсене кірісуге дайын екендіктерін білдірді.

Бұл жиын – елдің рухани дамуына үлес қосуға ұмтылған әрбір дін қызметкері үшін жаңа міндеттер мен мақсаттардың бастамасы.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: