Күмбезі күннің нұрымен таласқан, аудан орталығында орналасқан «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен қасиетті мәуліт айында қайырымдылық науқыны өтті.
Қайырымдылық шара барысында көмек қолын созған 22 отбасына күнделікті тұтынатын азық - түлік тараталды. Жиналған қаражат 440 мың теңгені құрады.
Мұсылмандардың өміріндегі құрметті Пайғамбардың өнегелі өмірі мен өсиетін, ғибратты ғұмырын халқымызға «Кәрібай молда» мешітінің имамы Алмаханов Аят насихат айтып, батасын берді.
Қуаныштарымен тарқасқан ауыл тұрғындары сауапты істі ұйымдастырған дін қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ризалықтарын білдірді.