САРЫСУ: ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

САРЫСУ: ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылдық мешітінде Мәуліт айының құрметіне мешіт жамағаты арасында «Құран жарысы» өткізілді.

Сарысу ауданының бас имамы Айбек Амангелдіұлы Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Жеңімпаздарды анықтау барысында үміткерлердің Құран оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. Бірінші орынға тай, екінші орынға тана, үшінші орынға қой сыйға тартылды. Сонымен қатар, барлық жарысқа қатысушыларға қаржылай ынталандыру сыйлықтары берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: