Шу ауданы Төле би ауылында мешіт атынан «Ермұхан Бехмаханов» атындағы мектеп – гимназиясы инклюзивті қолдау бөлмесіне 3 дана кілем сыйлық етілді.
Қайырымдылық шарасын «Төле би» мешітінен Жалалиев Ибрагим демеушілердің жылы лебіздерін жеткізіп, табыстап қайтты. Ерекше білімді талап ететін балаларға арналған орталық қызметкерлері ризалықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.