ШУ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШУ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін мен дәстүр сабақтастығы көптен бері қозғалып келе жатқан тақырып. Жас ұрпаққа ұмыт қылмай, рухани байлықа сусындату мақсатында ауыл әкімшілігінде жастар жетекшісі Мадина ханымның демеушілігімен мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.

Ислам және дәстүр құндылығы жылына орай ұйымдастырылған бұл шарада Жиембет ауылы «Жиембет» мешітінің имамы Бердібай Шүкірәлі дәріс жүргізіп қайты.

Тарих беттерің парақтай отырып, сонау заманнан жеткен аңыз – әңгімелер, батырлар жыры, би – шешендердін ой толғауларын тілге тие кетіп, асыл дініміз Ислам мен дәстүр сабақтас ұғым екенің саралап айтып өтті.

Жиынға қатысқан ішкі – саясат маманы Серік мырза діннің де, заманның да талабы тәрбие екенің баса айты. Өз елінің қаһарманы болған, Отан үшіт отқа да түскен Бауыржан атамыздың батырлығын айта келе патриоттық – парыз екенің, оның «ләззаттің» сезіндіре сөз айтты.

Мектеп қабырғасындағы шәкірттер жан – жақты сұрақ жаудырып, ризалықтарын білдірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: