Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады. Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 6-аятында:«Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық»,- деп Пайғамбарды өзімізден де артық жақсы көру керектігін білдірді.
Жамбыл облысы Қордай ауданы аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Сағындым сені – Мухаммед» рухани мәуліт кеші өтті. Кешті Қожабекқызы Гулшаһар апамыз Құранмен ашты. «Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы» тақырыбында Малика Ахан қызы, «Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік» тақырыбында Айгуль Жолдас қызы, «Мәуліт» тақырыбында Эльмира Аманқожақызы насихат айтты. Жиналған жамағат рухани азық алып, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын ) жайлы пайдалы ақпарат алды. Викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Кешке келген қонақтар рахмет айтып, ризалығын білдірді.