Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЕКІ ДҮНИЕ САРДАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЕКІ ДҮНИЕ САРДАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Орынбасарұлы кітапханада мәуліт айының қарсаңында «Екі дүние сардары» атты семинар өткізді. Семинарға әкімшілік қызметкерлері мен ауыл жастары қатысып, адамзаттың асыл тәжі болған Алла елшісінің өміртарихынан сусындап қайтты.

Құранның «Әли Имран» сүресінің 31-аятында былай баяндалады: «(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, онда маған еріңдер. Сонда Алла Тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», - деп айт. Алла өте кешірімді, (әсіресе мүмін құлдарына) ерекше мейірімді» , - деп келеді.

Әнас бин Малик (Алла одан разы болсын) пайғамбарымызға ﷺ деген сүйіспеншілік жайлы мынадай риуаят жеткізген:

«Сендердің ешқайсысың мені бала-шағасынан, ата-анасынан және барша адамдардан артық жақсы көрмейінше, кәміл мұсылман бола алмайсыңдар», - деп, Пайғамбарға деген махаббатымыз қандай болуы керектігін айтқан.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: