«ӘБДІМӘЖИТ» МЕШІТІНЕ СЫЙ ЖАСАЛДЫ

«ӘБДІМӘЖИТ» МЕШІТІНЕ СЫЙ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы жаңадан бой көтерген «Әбдімәжит» мешітіне «Қостөбе» мешітінің жамағаты таза ауыз су ішетін аппаратты тарту етті. Ауыл тұрғыны Еркін Қуаныш ағамыз Алланың үйіне кілем, шаңсорғыш және жылытқыш пеш әкеліп берді. Ауыл имамы Қайыржан Пердебайұлы қайырымды жандардың сый-сияпаттарын қабыл алып, жаңа мешіттің ішіне орналастырды.

Кәде-сыйларды мешіттің мүлкі ретінде тіркеп алған Қайыржан Пердебайұлы: «Біздің дініміз – бейбітшілік, махаббат пен мейірім діні. Сүйіспеншілікті тарату оның ажырамас бөлігі, ал сыйлық соның құралы. Сыйлық тарту ету біздің сүйікті Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Хадисте: «Сыйлық сыйлаңдар, сонда араларыңда сүйіспеншілік, бір-біріңе деген құрметтерің артады», - десе, тағы бір хадисінде: «Алланың үйінің бір шамын жаққан пендеге періштелер Жаратушыдан қияметке дейін жарылқау тілейді», - деген екен», - деп, Қостөбе жамағаты мен Еркін Қуаныш ағамызға ауыл имамы ризашылығын айтып жеткізді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: