«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінде I аймақ имамдарына «Білім іздену – парыз» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аймақ жетекшісі Рахымбек Кенжебайұлы және ауыл имамдары қатысты.

Рахымбек Кенжебайұлы: «Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәлімін көрген саңлақ сахабалар білімнің маңызын ерекше бағалап, оны бәрінен жоғары қоя білді. Бір күні атақты сахаба Ибн Аббасқа (Алла оған разы болсын) Басра қаласынан арнайы келген бір жолаушы: «Дүние артық па, әлде білім артық па?» – деп сұрайды. Сонда Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Білім артық», – деп жауап береді. Әлгі адам: «Оны қалай дәлелдейсіз?», – дегенде, Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Дүние – перғауындардың мирасы, ал білім – Пайғамбарлардың мирасы. Дүниені Алла Тағала кез-келген құлына береді, білімді тек сүйген құлына ғана береді. Дүниені жұмсасаң, таусылып қалады. Ал білімді қанша жұмсасаң да таусылмайды, керісінше арта түседі. Дүние жиған адам қияметте қайдан алып, қалай жұмсағаны жайлы сұралады. Бірақ білімді адам қияметте білім алғаны үшін де, оны жұмсағаны үшін де мол сауапқа кенеледі», – деп жауап берген екен», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: