МЕРКІ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫН НАСИХАТТАЛДЫ

МЕРКІ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫН НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Есеналиев Еламанның ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында ұлттық спортымыз арқан тарудан жарыс өтті.

«Арқан тарту» жарысында аудан және ауыл мешіттерінің жамағаттары бақтарын сынап, өзара тартысты бәсекеде жүлделі бірінші орынды Мыңқазан  ауылы «Сиқымбай ата» мешітінің жамағаты иеленді. Екінші орынға ауданымыздың ақсақалы Ерсайын ағамыз бастаған топ табан тіреді. Үшінші орынды «Жақсымбет ата» мешітінің жамағаты қанағат тұтты. Іс – шара соңында  құрметті қонағымыз Нұралы ұстаз өзі марапаттап жүлделі орын алған топтарға медаль мен мақтау қағазы табыстады.

Дін мен дәстүр үндестігін сақтау – бүгінгі ұрпаққа жүктелген үлкен міндет. Бұл екі асыл қазынамызды қадір тұтсақ, тарихымыз бен мәдениетімізді ұлағаттаған, ата-бабалар қалдырған ұлы аманатты сақтаған боламыз.

Алла Тағала біздерді асыл дінімізді берік ұстап, салтымызды сақтаған, дәстүрімізді құрметтеген ұрпақтардан болуды жазсын!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: