ТАЛАС АУДАНЫ: ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ТАЛАС АУДАНЫ: ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Тамды ауылдық “Тәңкібай ата” мешітінде ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы және Тамды ауылының имамы Нұрбол Мырзаханұлының ұйымдастыруымен Сәмбетбайұлы Қуанышбек атамызды еске алуға арналған “Жамбыл облыстық құран жарысы” өтті.

Аталмыш құран жарысына Һибатулла мешітінің Наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы, облыстық қарилар дайындау және құран секторы басшысы Амангелді Бірлік қари және Қордай ауданының бас имамы Әлмұхаммед қари төрағалық етті.

 “Ясин” сүресін және 2 параны жатқа оқу секілді екі номинация бойынша өткен Құран жарысына 40-қа жуық шәкірт қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, 2 параны жатқа оқу номинациясында жүлделі 3-орынды Тараз қаласының тумасы Жақсылық Нұрсұлтан, 2-орынды Тараздық Еркінұлы Бексұлтан алды. Жүлделі 1-орынды Талас ауданының тумасы Жасұланұлы Ақылбек иеленді. Ясин сүресін жатқа оқу номинациясында 1 орынды Шу ауданынан келген Қадыров Нұрмұхаммедке берілді. 1 орынға – жылқы, 2 орынға – тана, үшінші орынға – қошқар табыс етілді.  “Ясин” сүресін жатқа оқу номинациясының жеңімпазына 50 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: