ТАЛАС АУДАНЫ: САДАҚ АТУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ТАЛАС АУДАНЫ: САДАҚ АТУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылы, “Байтоқты баба” мешітінің имамы Османов Бақдәулеттің ұйымдастыруымен садақ атудан ауыл жастары арасында сайыс ұйымдастырылды.

Аталмыш сайыста ондықты дәл көздеп атқан Ердан есімді мешіт жамағаты 1-орынды иемденді. 2-орынды тоғыздықты көздеп атқан Асланбек бауырымыз алса, сегіздікті көздеген Арман бауырымыз 3-орынды иемденді. Бірінші орынға 15 мың, екінші орынға 10 мың, үшінші орынға 5 мың теңге ақшалай сыйлықтар табысталды.

Өз кезегінде, ауыл жастары аталмыш шараны ұйымдастырған Бақдәулет имамға алғыстарын айтып, жақсы көңіл күйде тарқасты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: