«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ӨТТІ

«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ға қарасты «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне 2024-2025 оқу жылына талапкер қабылдау емтиханы өтті.

ҚМДБ діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Аршабаев Серікболдың төрағалығымен, ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша бас имамы, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Бейбіт Әліпбекұлы, ҚМДБ уағыз насихат бөлімінің маманы Әбу Қазыбек үміткерлерден емтихан қабылдады.

Айта кетейік, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне 2024-2025 оқу жылына 56 талапкер құжат тапсырды. Қабылдау комиссиясының мүшелері үміткерлерді арнайы билет бойынша сынақтан өткізіп, ең үздік нәтиже көрсеткендерді таңдап алатынын жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: