«Бір адам мұсылман бауырын қуантқанда бір періште бұл адамға үнемі дұға етіп тұрады. Өліп қабірге қойылғанда жанына келіп «мені танисың ба?» дейді. Өлі «жоқ» дегенде «мен сенің бір мұсылманға берген қуанышыңмын. Бүгін сені қуанту үшін келдім. Қабірде жаныңда боламын, қияметте де саған шапағат етіп жаннаттағы мекеніңді көрсетемін» дейді. «(И. Әбиддуния)» Жаннаттағы қуаныш сарайына тек балаларды қуантқан адам кіреді.» (И. Ади, И. Нәжжар)
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен жаздық сауат ашу курсындағы шәкірттер Аудандық Қордай мұражайына саяхаттады. Қыздарымызды өлкеміздің әйгілі ғұлама, батыр, билерімен және құнды тарихи жәдігерлермен мұражай қызметкері таныстырды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі