Қажылық – әрбір мұсылманның үлкен арманы. Бұл ұлы сапар – Жаратқанның сүйікті құлдарына деген сыйы.
Осындай бір жамағаттың арманы Шу ауданы «Төле би» мешітінде орындалды. Аталған мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы бес уақыт намазды Алланың үйінде өткізіп, мешіт жанашыры болған Желдібаев Нұрхат Әбдімомынұлыға ерекше алғысын білдірді.
Мешітке әрдайым қол ұшын беретін азаматқа қажылыққа сертификат табыстап, көпшілік бата беріп, сәтті сапар тіледі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.