Қасиетті жұма күні Шу аудан орталығында орналасқан әсем, күнбезі күн нұрымен таласқан «Төле би» мешіті жөндеу жұмыстарын аяқтап, есігін қайта ашты.
Бұл күні құлшылық үйінде жамағатқа бірден лық толып, жұма намазымен жалғасты. Аталмыш мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы уағыз айтып, қолдау көрсеткен барша жандарға өз ризалығын білдіріп, батасын берді.
Ауыл тұрғындары құрметпен бас сұғып тұратын киелі ордасына көңілдері толып, құтты болсын айтып тарқасты.
Шу ауданы «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.