Қазақ дәстүрінде ерекше орын алатын маңызды жоралғымыздың бірі ол – тұсаукесер тойы. Шілдехана, бесік тойдан кейін аталып өтетін бұл салт бала енді тәй-тәй жүре бастаған шағында оған «тез жүріп кетсін», «қадамы нық болсын» деген секілді игі тілекпен жасалады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Әрбір амал ниетке байланысты» дегені бар, Демек бұл жерде шариғатқа қарсы кері әрекеттің жоғы айдан анық.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» және «Рахман» мешіті Әжелер алқасы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Имани жаз - 2024» жаздық сауат ашу курсындағы шәкірттерге «Тұсаукесер» жоралғысы көрсетілді. Әжелер алқасы мүшелері Алланың атымен дұға жасап, баталарын беріп, қыз бен ұлдың аяқтарына ала жіптерді байлап берді . Бүлдіршіндерге дұға жасап, ізгі ниетін білдіріп, «Қордай» және «Рахман» мешітінің ұстаздары: Эльмира Аманқожақызы мен Айгуль Жолдасқызы тұсауларын кесті. Барша жиналған жамағат дұға жасап, ізгі ниеттерін білдірді. Әжелеріміз шашу шашып барша балаларды, үлкендерді қуантты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі