#Қордай: Әжелер алқасы мүшелері жастарға насихат айтты

#Қордай: Әжелер алқасы мүшелері жастарға насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жастардың ішіндегі ең жақсыларың – қарттарыңа ұқсағаның, қарттардың ішіндегі нашарларың – жастарыңа ұқсағаның» деп, жастардың қарттар секілді кең ойлап, жастық шағын босқа өткізіп алмай өмір сүру керектігін дөп басып айтқан. Дана Абай атамыз да: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп, өмірдің мәнін біліп өз орныңды тауып елге, дінге, жерге, халыққа пайдаңды тигізіп өтуді ескертті. Олай болса, жастарымыздың рухани болмысын күшейтуі – оның қос қанатпен самғауы. 

Жамбыл облысы Қордай ауданы «Қордай»  және  «Рахман» мешітінің әжелер алқасы мүшелері  жастарға: «уақытты тиімді пайдалану», «білім алу», жастық шақтық берекесі», «сансыз нығметтерге шүкір» туралы насихат айтты. Өздерінің  мол тәжірибелерімен бөлісіп, ғибратты оқиғалар айтты. Жиын соңында дұға жасап, жастарға батасын берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: