#Қордай: «Имани жаз шәкірттеріне» «Бесікке салу» дәстүрі көрсетілді

#Қордай: «Имани жаз шәкірттеріне» «Бесікке салу» дәстүрі көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өмірге келген сәбидің алғашқы отауы – бесік десек артық айтқандық емес. Бесіктің пайдасы бүгінге дейін талай кітаптарға арқау болған. Әйгілі жазушы, білгір этнограф Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бесік тәрбиесін бүкіл елдік деңгейге бір-ақ көтергені мәлім. Ел болу деген ұғымның аясы мен ауқымы өте кең. Біздіңше, бұған дініміз де, тіліміз де, бірлік-ынтымақ бауырмашылдығымыз да, өзге жұрттың соңында қалмай, тереземіздің теңелуі де, қысқасы ешкімнен ұялмай, екі дүниеде бақытты ғұмыр кешудің бәрі де түгел сыйып кетеді. 

Аудандық «Қордай» мешіті  ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әжелер алқасы мүшелері жаздық сауат ашу курсындағы шәкірттерге «баланы бесікке салу» салт-дәстүрін көрсетті . Әжелеріміз баланы Алланың есімімен бесікке салып, дұға жасап - сәбиге ұзақ ғұмыр сұрады. Бесік жырын айтып, баланы тынышталдырды. Сонында әжелер бесіктегі сәбиге де көпшілікке де дұға жасап,  батасын берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: