Жұма – әрбір мұсылман пенде үшін қасиетті күн болып табылады. Жұма күнінің артықшылығына қатысты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері бар, сол хадистерге сүйене отырып, бұл күннің қасиетті екені дәлелденді.
«Кәрібай» мешітінің наиб имамы Алтай Бексұлтан Төле би ауылы «Төле би» мешітінің жамағатымен жұма намазын өткізді. Қасиетті күнді жібермей келген қауыммен мешіт іші нық толды. Жұмада терең ойлау, ғибрат алу жайында уағыз жүргізілді.
Шу ауданы «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.