#Қордай: «Құрбан – айт ұлық мереке»

#Қордай: «Құрбан – айт ұлық мереке»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінің басты мерекесінің шежіресі сонау ерте заманнан бастау алады. Алла Тағала Ибраһим пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) сынақ ретінде өзінің сүйікті ұлы Исмаилды құрбандыққа шалуды бұйырады. Әкесі мен баласы Жаратушының бұйрығына қарсы келмей, әмірді орындамақшы болады. Сынақтан сүрінбей өткен әкесі мен баласының тақуалығына, адалдығына Алла Тағала риза болып, Өз құзырынан құрбандық орнына қошқар түсіреді. Құрбан айт мерекесінің негізінде Алла Тағалаға деген құлшылық пен жақындық, сондай-ақ, баланың ата-анаға деген құрметі мен жақсылығы жатыр.

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен , әжелер алқасы мүшелері  "Айттық дастархан" жасап отырды.  Дастархан басында "Рахман" мешіті ұстазы - Айгуль Жолдасқызы  мен "Қордай" мешіті ұстазы - Эльмира Аманқожақызы "Құрбан айт тарихы", мерекені қалай өткізу керек екенін насихаттады. Ұстаздар мұқтаж отбасыларға құрбан етін үлестірумен  айтып аяқтады.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: