Жаздың ыстық күндерінде сергудің бір жолы – шомылу. Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұстаздары Сәуле Нұрсұлтанқызы мен Гүлжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсының шәкірттері бассейнге барды.
Денелерін шынықтырып су бетінде жүзуді үйренген оқушыларға ұстаздар аса жауапкершілікпен қарады. Сабақтан тыс уақытта бір-бірімен жақын араласып, достықтарын нығайтуға септігін тигізген шара балаларды қатты қуантты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.